• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев өңірлік ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 

Өз сөзінде аймақ басшысы қатысушыларды келе жатқан Республика күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. 

Сонымен қатар ел Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында өңірде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастамалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 

– Бүгінде облысымызда 87 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. 78 этномәдени бірлестік халықтар достығы мен келісімнің алтын діңгегіне айналды.

Биыл Ассамблеяның 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қатарымыз еріктілермен толығуда. Кәсіпорындарда Еңбеккерлер Ассамблеялары құрылып жатыр. Олар еңбек ұжымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ретінде қызмет атқарып, ерікті бастамаларды жүзеге асыратын болады.

Ал Қордай ауданында бой көтеретін жаңа Достық үйі этномәдени бірлестіктердің орталығы ғана емес, жастардың, зиялы қауымның және азаматтық қоғам өкілдерінің бас қосатын рухани алаңына айналмақ.

Бұдан бөлек, келесі жылға жоспарланған «Достастық жәрмеңкесіне» дайындық аясында Тараз қаласындағы облыстық Достық үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

– Ассамблеяның жұмысы бұдан әрі де жаңа серпінмен жалғасып, ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты нығайтатын басты күш болып қала беретініне сенімдімін, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жиында бірқатар этномәдени бірлестік өкілдері де құттықтау сөз сөйледі. Олардың қатарында облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Гулам Умаров, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Махметғали Сарыбеков, татар және башқұрттар конгресі облыстық филиалының төрағасы Фарида Нақыш, сондай-ақ неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Александр Гибнер бар.

Кеңейтілген кеңес барысында өңірдегі этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан бірқатар азамат құрметке бөленді. Оларға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі, ҚХА-ның Алғысхаты, сондай-ақ облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғысхаты табыс етілді.

Шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

  • 23.10.2025
  • 21
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика