• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Қарасу және Қаракемер ауылдарында 300 орындық екі жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде білім беру саласын дамыту – ел болашағына бағытталған ең маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

– Мектеп салу – бұл тек ғимарат тұрғызу емес, елдің болашағын қалыптастыру. Өйткені әрбір мектеп – бала арманының бастауы, ұлттың рухани қайнары, мемлекеттің берік тірегі. Бұл – ұрпаққа деген қамқорлықтың, ел ертеңіне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз», – деген еді. Бұл сөз – білім саласының басты ұстанымы, әрбір ұстаздың жүрегіндегі сенім мен жауапкершіліктің нышаны.

Білім – ұлттың жүрегі, мектеп – оның соққан тамыры.

Бүгін ашылған екі жаңа білім ордасы – сол жүректің жаңаша соғуы, ел үмітін ақтар болашақтың бастауы болсын! – деді Ербол Қарашөкеев.

Екі білім ұясының құрылысы Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүргізілді.

Қарасу ауылындағы №53 орта мектеп заманауи стандарттарға сай салынды. Мұнда оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.

Ғимарат ішінде 28 оқу кабинеті, 80 орындық мәжіліс залы, асхана, кітапхана (30 орындық оқу залымен), 667 шаршы метр аумақты қамтитын кең спортзалы, сондай-ақ STEM, робототехника және компьютер сыныптары бар. Бұдан бөлек, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған коворкинг орталығы, 3 шеберхана мен 3 ғылыми зертхана да жұмыс істейді.

Жаңа мектептің ашылуы Қарасудағы үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешіп, 232 оқушының сапалы білім алуына жол ашты. Мектепте бүгінде 25 білікті педагог қызмет атқарады, олардың қатарында «Педагог-зерттеуші», «Педагог-сарапшы», «Педагог-модератор» санатындағы мұғалімдер бар. Жалпы штат саны – 65 бірлік.

– Қала мен ауыл балаларына бірдей мүмкіндік жасап отырған Ел Президентіне қарасулықтардың атынан шын жүректен алғыс айтамын. Бұл білім ошағынан елін, жерін сүйетін, Отанға адал азаматтар тәрбиеленіп шығатынына кәміл сенемін, – деді ауыл ардагері Тұрған Жасыбаев.

Бұл күні Ербол Қарашөкеев Қаракемер ауылындағы №54 орта мектептің ашылуына да қатысты. Заман талабына сай соғылған білім ұясында балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығына айрықша мән берілген.

Өңір басшысы жаңа мектептердің бой көтеруі Қордай ауданының білім беру әлеуетін арттырып, ауылдық елді мекендердегі балалардың сапалы білім алуына кең мүмкіндік туғызатынын айтты.

– Жаңа мектебіміз мамандық таңдауда үлкен мүмкіндік бергелі отыр. Менің арманым – дизайнер болу. Бүгін оқу кабинеттерін аралап шықтым, әсіресе қыздарға арналған шеберхана ерекше ұнады. Онда қажеттінің бәрі бар. Болашақ мамандығыма алғашқы қадамды дәл осы білім ұясынан бастағаныма қуанышым шексіз, – дейді 9-сынып оқушысы Айзере Ербол.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биылдың өзінде 26 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 10 мектеп пен 5 қосымша ғимарат пайдалануға берілмек. Ал 2026 жылы тағы 11 жаңа білім ошағының іргетасы қаланады.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде төрт жаңа мектеп есігін айқара ашты. Оның бірі – Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылында, үшеуі – Тараз қаласында орналасқан. Бүгін екі мектеп Қордай ауданында іске қосылды.

  • 24.10.2025
  • 18
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика