- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Әлеуметтік сала ардагерлері мен үздіктеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді
Қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай әлеуметтік сала ардагерлері мен қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, «Еңбек адамына құрмет көрсету – мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі. Біз адал еңбекті әрдайым жоғары бағалаймыз» деп атап өткен болатын.
Осы орайда, салтанатты шарада бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Еңбек ардагері» медалі, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табысталды.
Бүгінде облысымыздың әлеуметтік қорғау саласында 32 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 13 мансап орталығы, 13 отбасыны қолдау орталығында 3 мыңға жуық адам еңбек етеді.
- 30.10.2025
- 27


