• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл Павлодарда 25 есе көп көшет отырғызылмақ

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асайын Байханов Экологиялық кодекс жөніндегі кеңес отырысында көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғаудың басқа да бағыттары жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.  Басқосу өндірістік кәсіпорындар мен экологиялық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өтіп, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Прімқұловтың жұмыс сапарына орайластырылды.

Экология вице-министрі жаңа Экологиялық кодекс нормаларының жергілікті экологиялық мәселелердің шешілуіне қалай әсер ететіні туралы түсініктемелер берді.   2021 жылдың 1 шілдесіне күшіне енетін аталған заңнаманың негізгі бағыттары ретінде ең үздік әрі қолжетімді технологияларды енгізу, қоршаған ортаға залал келтіру үшін жауапкершілікті қатаңдату, "ластаушы ақы төлеп, жағдайды түзейді" қағидатын енгізу және экологияға әсер ететін шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың рөлін күшейту шаралары бекітілген.

- Ең үздік қолжетімді технологиялар ірі кәсіпорындарды экологияландыру үшін енгізілетін болады – олардың дені өткен ғасырдың 50-60-жылдарынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл маңызды шара. Сондай-ақ, біз Қазақстанда да, бүкіл әлемде де экологиялық проблемаларға жұртшылық тарапынан бөлініп жатқан назардың артып бара жатқанын байқап отырмыз. Жаңа Экологиялық кодекс жұртшылықтың пікірін жете ескеріп, іске асыруға мүмкіндік береді, - деді Ахметжан Прімқұлов, - Жауапкершіліктің қатайып, қоғам рөлінің күшеюі кәсіпорындарға экологиялық таза технологияларға көшіп, эмиссиялар көлемін төмендетуден басқа амал қалдырмайды – бұл экологиялық ахуалдың жақсаруына алып келеді.

Оның айтуынша, Экологиялық кодексті іске асырудың жалпы ел үшін, оның ішінде әр өңір үшін маңызы зор. Қолданысқа енгізілгелі отырған жаңашылдықтарға байланысты еліміздің Кәсіпкерлік, Қылмыстық, Су кодекстерінің кейбір нормалары қайта қаралып, барлығы 140-қа жуық нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жоспарланып отыр.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Байханов өңірде қолға алынған қоршаған ортаны қорғау жұмыстарының бағыттары бойынша анықтама берді: өнеркәсіптік қалдықтарды азайту, көгалдандыру, қалдықтарды басқару, су ресурстарын реттеу және жұртшылықтың экологиялық мәдениетін өсіру.

- Біз елді мекендерімізді көгалдандыру тәсілін айтарлықтай өзгерттік, - деді аймақ басшысының орынбасары, - 2020 жылы Павлодарда барлығы 800-ге жуық ағаш отырғызылса, биыл облыс орталығында отырғызылатын көшеттер саны 20 мыңға дейін жеткізіледі. Алдағы бес жылда облыс аумағында 95 миллионға жуық көшет отырғызу жоспарланып отырса, оның 32 миллионы жергілікті атқарушы органдар есебінен егілмек.

Экологиялық жағдайды жақсартуға қатысты пікірлерімен басқосуға қатысқан қоғам қайраткерлері де бөлісті. Биолог Татьяна Пономарева көгалдандыру жұмыстарының тек жүйелі түрде жұргізілуі тиіс екенін атап өтті.
- Қалалық қоршаған ортаның қазіргі жағдайын, өсімдіктердің түр-түрімен мұқият іріктелуін, оларды өсірудің жаңа технологиялары мен ағаштар мен бұталарды күтіп-ұстаудың заманауи әдістерінің пайдаланылуын ескере отырып, нақты тұжырымдалған бағдарлама – көгалдандырудың маңызды құрамдас бөлігі, - деді ол, - Біз қолданып келген көгалдандыру және абаттандыру ережелері 2018 жылы қысқартылып, бүгінде көгалдандыру мәселелерін шеше алмайды.

"Эком" бірлестігінің басшысы Светлана Могилюк жұртшылықтың жаңа жобалар бойынша тыңдауларға қатысу мәселесіне қайта оралды. Оның пікірінше, қоршаған ортаға тигізіліп жатқан әсерді бағалау мәселесін талқылауға ниет білдіргендерге рұқсат беріліп жатқанымен, осы жұмыстың тиімділігі мәселесін шешу әлі де уақыт еншісінде.

- Жаңа кодекс мүмкіндіктерімізді көбейтіп, қоғамдық тыңдау рәсімі күрделене түсті, бірақ олар қашан да, барлық жерде де сапалы өте қоймайды, - деді қоғам өкілі, - тыңдауларды өткізу үшін орталықтандырылған алаң қажет. Жұртшылық қабылданып жатқан шешімдерге ықпал ету мүмкіндігіне ие болуы қажет.

Экология вице-министрі Ахметжан Прімқұлов кездесуде айтылған барлық пікірлердің ескерілетінін айтты. Ол жұртшылық пен бизнес өкілдерін аталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тікелей атсалысуға шақырды. 

  • 16.03.2021
  • 351
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика