• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен апталық жоспарлау кеңесінде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, табиғи ресурстар, ветеринария салаларындағы атқарылған жұмыстар мен жылдық жоспардың орындалуы талқыланды.

Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, 2025 жылдың 9 айында 362,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі капиталға 33,2 млрд теңге инвестиция тартылды.

Жыл басынан бері 335 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды.

Биыл 640 мың гектар егістік алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары егілді.

Егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында мал азығы дақылдары 3,6 мың гектарға, майлы дақылдар 5 мың, көкөніс дақылдары - 4,7 мың, бақша дақылдары – 7,3 мың гектарға, картоп – 1,5 мың гектарға артып отыр.

Шілде айынан басталған егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы орындалып, 3,2 млн тонна өнім алдынды (жылдық жоспар - 3,4 млн тонна).

8,2 мың гектар картоп дақылының 100 пайызы жиналып, 207 мың тонна, 31,1 мың га көкөніс дақылдарының 97,3 пайызы жиналып, 1,2 млн. тонна, 38 мың га майлы дақылдар 100 пайыз  жиналып, 31,3 мың тонна, 12,7 мың га бақша дақылдары 100 пайыз жиналып, 389 мың тонна, 18,1 мың га жүгері дақылының 100 пайызы жиналып, 129 мың тонна өнім алынды.

Күзгі дала және жинау жұмыстарына 9,3 мың бірлік ауылшаруашылығы техникасы тартылды. Ол үшін мемлекет тарапынан 4,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.

Бұдан бөлек, көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары аясында облысқа 7 млрд. теңге қаржы қарастырылған болатын. Бүгінге дейін 209 шаруаға 4,9 млрд теңге қаражат 5 пайыздық несиемен берілді.

5,3 мың гектар алқаптан 292,6 мың тонна қант қызылшасын алу жоспарлануда. Шаруалар «Меркі қант» зауытына 90,5 мың тоннадан астам тәтті түбірді өткізді.

Ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың хабарлауынша, өңірде ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарға сай жүргізілуде. 

Бүгінгі күнге дейін жоспарланған 16,5 млн вакцинацияның 11,3 млн-ны, 5,6 млн диагностикалық шараның 4,3 млн-ны орындалды. 

1 362 284 бас төл бірдейлендіріліп, АШЖБ дерекқорына енгізілді (жылдық жоспар - 1 491 790).

194,6 млн теңгеге жануарлардың құлақ жапсырмалары сатып алынды.

Облыстағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан 46 елді мекенде үш кезең бойынша 24 398 қора-жай, 168 мың шаршы метр буферлік аймақ және барлығы 580 мың бас ауыл шаруашылығы жануары залалсыздандырылды.

2025 жылы 46 типтік үлгідегі ветеринариялық пункттің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 21 нысанның құрылысы аяқталды. 11 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Қалған 14-іне жер телімі дайын тұр.

Басқосуда кәсіпкерлік, табиғи ресурстар, жер қатынастары және  өзге де салалардағы мәселелер қаралып, жауапты тұлғалар баяндама жасады.

Облыс әкімі аталған салаларға жауапты орынбасары Әбілхайыр Тамабек пен басқарма басшыларына, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

Өңір басшысы ауылшаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің 100 пайыз орындалуын қамтамасыз етуді, салаға инвестиция тартуға жіті көңіл бөлуді, «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы, «Тараз» индустриалық аймағы және «Талас» субаймағының инфрақұрылымын дамыту, жобаларды іске асыруды бақылауға алуды міндеттеді.

Сонымен бірге ветеринария саласында вакцина егу, жануарларды бірдейлендіру, материалдық-техникалық базына нығайту бойынша іс-шаралардың жүйелі орындалуын ұйымдастыруды, жер қатынастары, жер қойнауын пайдалану және су шаруашылығы саласында пәрменді шарлар қабылдауды талап етті.

  • 05.11.2025
  • 7
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика