• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Оқу-ағарту министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кеңес өтті.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары, мектеп пен колледж директорлары, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Ал ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, ҚР Бас прокурорының көмекшісі Нұрбосын Мақашев және оңтүстік өңірлердің білім саласына жауапты өкілдері бейнебайланыс арқылы қосылды. 

Жұлдыз Сүлейменова кеңес барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, арнайы жұмыс тобының облыс мектептерінде жүргізген тексеріс нәтижесін баяндады. Министр тәрбие саласында әлі де жүйелі жетілдіруді қажет ететін бағыттар бар екенін атап өтті.

– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – мемлекеттің айрықша назарындағы мәселе. Өйткені баланың қауіпсіздігі – жеке тағдырдың ғана емес, тұтас қоғам тұрақтылығының кепілі. Бүгінгі басқосу – осы бағыттағы жұмысты жетілдіруге арналған маңызды қадам.

Соңғы уақытта балаларға қатысты орын алған оқиғалар жағдайды жан-жақты қарауды талап етіп отыр. Тек өзара үйлесімді іс-қимыл мен бірлескен әрекет арқылы ғана өскелең ұрпаққа қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыра аламыз, – деді министр.

Өңір әкімі Ербол Қарашөкеев өз сөзінде Жамбыл облысының білім беру саласындағы даму қарқыны мен жоспарланған жобалар туралы мәлімет берді.

2025 жылы  білім саласына 344,3 млрд теңге бөлінген.

26 білім нысанының құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін 10 мектеп пен 5 мектептің жапсарлас ғимараты пайдалануға берілмек. Ал 2026 жылы 11 жаңа нысан іске қосылады.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бүгінге дейін 6 мектеп ашылып, жыл соңына дейін тағы 1 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар бірқатар білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтті. Мектептер 1,7 млрд теңге көлеміндегі заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықталды.

Биылғы оқу жылында «Дарын» мамандандырылған лицей-интернаты жаңа заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратқа көшірілді. 

Сондай-ақ облыста тұңғыш дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернаты ашылды.

– Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты әлеуметтік басымдықтарымыздың бірі. Әр баланың сенімді қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе қалыптастырудамыз.

Осы мақсатта облыста Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын құру бағытында нақты қадамдар жасалды.

Жаңа басқарма балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, отбасыларға көмек көрсету және осы саладағы қызметтердің жұмысын үйлестірумен айналысатын болады, – деді өңір басшысы.

Кеңес барысында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, облыстық полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев, облыс прокуратурасының басқарма басшысы Ердос Мақашев және облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов сөз сөйледі.

Жиын сұрақ-жауап форматында жалғасып, министр қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Кеңесте айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.

Жұмыс сапары аясында министр Жұлдыз Сүлейменова Тараз қаласы, сондай-ақ Байзақ және Жамбыл аудандарындағы бірқатар білім беру нысандары мен орталықтардың жұмысымен танысты.

  • 05.11.2025
  • 7
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика