• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Олжас Бектенов БҚО-да мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

 Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Бөрлі ауданында Премьер-министр Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орындарына барды. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және олардың жүктемесіне, мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға, кадрлар даярлауға және басқа да мәселелерге назар аударылды.

Олжас Бектенов мұнай конденсатын тұрақтандыру, тазарту және қайта өңдеумен айналысатын Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің технологиялық процестерімен танысты. Нысан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының негізгі өндірістері құрамына кіреді. Ол – 279 млн тонна мұнай мен 785 млрд текше метр газдың алуға болатын қалдық қоры бар әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

 «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.»  компаниясының бас директоры Марко Марсили ағымдағы өндірістік көрсеткіштер мен келешегі бар жобаларды жүзеге асыру жоспарлары, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.  Қарашығанақты кеңейту жобасының (ПРК-1А) газ айдау тиімділігін арттыруға және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезеңі іске қосылды. Нәтижесінде ішкі нарыққа 7,5 млрд текше метр газ жеткізілді, бұл – Қазақстандағы жалпы көлемнің шамамен 26%-ы.

Премьер-министр мұнай-газ саласы өнеркәсіптік өсудің маңызды драйвері болып қала беретінін атап өтті. Қазақстанда жыл сайын 85 млн тоннадан астам мұнай және шамамен 55 млрд текше метр газ өндіріледі. Мұндай көлемді тұрақты ұстап тұру заманауи технологияларды енгізу мен ірі кен орындарын дамытудың арқасында  мүмкін болып отыр. 

Бүгінде Үкімет өндірісті арттырудан бастап, қайта өңдеуді тереңдету және мұнай-газ химиясын кеңейтуге дейінгі батыл шешімдерімен жер қойнауын ұтымды пайдалану стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Бұдан басқа, отандық өндірушілерді қолдаудың маңыздылығы және отандық тауарларды сатып алу үлесін одан әрі арттыру қажеттігі де атап өтілді.

 Бәйтерек ауданында Премьер-министр «Жайықмұнай» ЖШС-ның тауарлық газды қайта өңдеу қуатымен танысты. Чинарев кен орны аумағында бірқатар заманауи қондырғы жұмыс істеп тұр, мұнда теміржол мұнай құю терминалы, газ құбыры, вахталық қалашықтар және тағы да басқа инфрақұрылымдар жақсы дамыған. Газ өңдеу зауытының өндірістік қуаты жылына 4,2 млрд текше метр газды құрайды. Кәсіпорынның жүктемесін арттыру мәселесі пысықталуда.

  • 07.11.2025
  • 8
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика