• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев Талас ауданының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданының халқымен кездесуі өтті.

Басқосуда ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың экономикалық өсімі 10,2 пайызды құрады. Негізгі капиталға 491 млрд теңге инвестиция тартылды.

Өңірдің инвестициялық қоржынында 2028 жылға дейін іске асырылатын, 6,3 мыңнан астам жұмыс орнын қамтитын 62 ірі жоба бар. Биыл құны 161 млрд теңге болатын 26 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жыл басынан бері 8 жоба (13,3 млрд теңге) іске қосылып, 184 адам жұмыспен қамтылды.

– Өткен аптада Астана қаласында жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII экономикалық форум өтті. Бұл форум өңіріміз үшін нәтижелі болды. Облыс отандық және шетелдік инвесторлармен жалпы құны 272,2 млн АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойды. Бұл жобалар облыстың ғана емес, жалпы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосады, – деді Ербол Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығы саласында 363 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Егіс алқабы 640 мың гектарды құрап, 3,2 млн тонна өнім жиналады деп жоспарлануда.

Жыл басынан бері 522,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспар – 765 мың ш.м). 2 190 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның 20-сы жыл соңына дейін аяқталады. Қазіргі таңда 10 әлеуметтік тұрғын үй (540 пәтер, 40,6 мың ш.м) қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылар үшін 307 пәтер сатып алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл өңір халқын сапалы ауызсумен 100 пайыз, ал табиғи газбен 91,8 пайыз қамтамасыз ету көзделген.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 31,7 мың адам тартылды.

Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков пен оның орынбасарлары атқарылған жұмыстар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

Ербол Қарашөкеев қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудың, қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шараларын күшейтудің маңыздылығын баса айтты. Сонымен бірге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттік мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар газ тарту, қоғамдық көлік бағытын ашу, әлеуметтік көмек, қаңғыбас ит-мысықтарды аулау, спорт нысандарының құрылысы және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Көпшілік медицина кадрларының тапшылығына және денсаулық сақтау қызметінің қолжетімсіздігіне назар аударды.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев бұл мәселелерді зерттеу үшін облыс әкімінің орынбасары бастаған арнайы жұмыс тобын ауданға жіберетінін ескертті. Барлық ұсыныс назарға алынып, шешу жолдары әзірленетінін жеткізді.

Кездесу соңында облыс әкімі аудан басшылығына нақты міндеттер қойды. Оның ішінде жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қадағалау, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын халыққа кеңінен түсіндіру тапсырылды.

Кездесуден кейін Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады.

  • 11.11.2025
  • 7
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика