- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Президент Наталия Сац атындағы театрды 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Аңызға айналған ұжымды мерейтойымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Президенттің құттықтау хатын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. Мемлекет басшысы театрдың балалар өнерін дамытудағы рөлін, ағартушылық миссиясын және елдің рухани өміріндегі маңызын ерекше атап өтті.
Іс-шарада театр қызметкерлеріне Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік наградалар табыс етілді. Атап айтқанда, Олег Гостев «Парасат» орденімен, Раиса Лешева мен Мақсат Сахиұлы «Құрмет» орденімен, Айдар Құрманбаев, Инна Поротикова, Марина Самбетбаева және Артём Селезнёв «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Александр Русиновичке «Шапағат» медалі, Анна Кузембаеваға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
Марапаттарды Мемлекет басшысының атынан Аида Балаева табыс етті. Министр ұжымға шығармашылық табыс пен көрерменнің ыстық ықыласын тіледі.
- 14.11.2025
- 7


