- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі бағыттағы сұрақтар жиі түседі. Сол сауалдардың бір бөлігі – кино саласына қатысты. Бұл ретте қазақстандықтардың ұлттық мәдениет пен отандық киноның дамуына бейжай қарамайтыны қуантады.
Кейінгі жылдары көпшілік көрерменнің, соның ішінде шетелдік аудиторияның да қазақ фильмдеріне деген ықыласы артып келеді. Тек 2024 жылдың өзінде ғана отандық фильмдер прокаттан жиырма екі миллиард теңгеден астам табыс тапты. Біздің картиналар халықаралық байқауларда жиі жеңіске жетіп жүр. Соңғы бес жылда отандық фильмдер үш жүзден астам фестивальге қатысып, жүз жетпіс жеті марапатқа ие болды.
- 14.11.2025
- 6


