- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО-ДА КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ БОЙ КӨТЕРДІ
Бөрлі ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.
1957 жылы Пугачев сегізжылдық мектебі өз алдына дербес білім ошағы ретінде ашылып, өңірдегі білім беру ісінің дамуына тың серпін берді. Білім ордасының қазіргі ғимараты 1962 жылы пайдалануға беріліп, 180 оқушыға есептелген. Ал 17 оқу кабинетімен қамтылған жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізді.
Жалпы облыс бойынша оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында соңғы үш жылда облысымызда 9206 орынға 27 мектеп салынды. Оның ішінде 1338 орынға 16 мектеп Қарашығанақ петролеум оперейтинг б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасы аясында, 1060 орындық 3 мектеп жергілікті бюджет есебінен және 508 орындық 2 мектеп білім инфрақұрылымын дамыту қоры есебінен берілді. «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылып отырған бүгінгі білім ордасы сияқты 6300 орынға есептелген 6 «Келешек мектебі» пайдалануға берілді.
- 14.11.2025
- 8


