- Блогтар
- Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.
ҚР Қорғаныс министрі
Қарулы күштерде әскери қаржыгерлерге құрмет көрсетілді
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күнін қорғаныс ведомствосының қаржыгерлері де кәсіби мерекесі ретінде атап өтеді.
Қарулы күштердің қаржылық қамтамасыз ету жүйесі – сан алуан үдерістерден құралған күрделі, әрі тұтас құрылым. Ол армияның барлық тыныс-тіршілігін қамтиды. Әскердің материалдық-техникалық жарақтануы, инфрақұрылымның дамуы мен оны ұстап тұру, әскери қызметшілерді лайықты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, кәсіби әскери білім беру, сапалы медициналық қызмет көрсету – мұның бәрі қаржыгерлердің үйлесімді еңбегінің нәтижесі.
Әскери қаржыгерлердің табанды еңбегінің арқасында әскери ведомствода мемлекеттік жоспарлау, материалдық ресурстар есебі және қаржылық қамтамасыз ету бойынша заманауи жүйе қалыптасты. Оның негізін бюджетті жоспарлау процесі құрайды. Бұл сала жылдар бойы түбегейлі жаңарып, тиімділікті арттыру жолында үлкен өзгерістерді бастан кешірді.
Көпдеңгейлі қаржылық қамтамасыз ету жүйесі әскери шығыстарды реттеуге, әскердің қажеттіліктерін дер кезінде қанағаттандыруға, қаржы жоспарының дайындалуы мен орындалуының әр кезеңінде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.
Кәсіби мереке қарсаңында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, үлгілі қызметімен ерекшеленген бірқатар әскери қаржыгерлер «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ең үздік мамандарға басшылық тарапынан грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.
- 15.11.2025
- 7


