• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы «SAQTAN» жобасы іске асырылуда

Алматы облысында жастардың қауіпсіздігі мен салауатты дамуын қамтамасыз ету мақсатында «SAQTAN» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Paryz еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігі іске қосқан.

Биылғы мамыр айынан басталған жоба алты негізгі бағытты қамтиды: ақпараттық-түсіндіру семинарлары, заңсыз есірткі жарнамаларына қарсы акциялар, түнгі рейдтер, спорттық іс-шаралар, әлеуметтік бейнероликтер және ақпараттық насихат жұмысы.

«Кез келген жағдайда ақпараттық жұмыс алдыңғы шепте тұруы тиіс. Сондықтан біздің жұмыс тобы мен еріктілер бұл бағытта барын салды. Жоба шеңберінде тиісті мағлұматты жастарға сіңіру үшін 15 семинар өткізіп, 1200 жасқа құнды ақпарат бердік», — деді облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мади Ахметов.

Жалпы, жоба алты бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

«Бірінші бағыт — ақпараттық-түсіндіру семинарлары. Проблемалық ахуалы бар елді мекендер мен колледждерде 11 семинар өткізіліп, 1100-ден астам жасқа тәуелділіктің түрлері, олардың психологиялық және әлеуметтік салдары, өмірлік дағдыларды дамыту және құқықтық сауаттылық жайлы нақты ақпарат берілді. Жастар мұндай кездесулердің қажеттілігін ерекше атап өтті», — дейді «Paryz еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Айтқазы.

Еріктілердің қатысуымен Қонаев қаласы мен бірнеше ауданда заңсыз есірткі жарнамаларына қарсы акциялар ұйымдастырылып, 1000-нан астам жарнама жойылды, 600 ақпараттық буклет таратылды. Бұл бастамаға жергілікті тұрғындар мен мектеп оқушылары да қатысып, қоғамның ортақ қауіпке біріге алатынын көрсетті.

Облыстың 7 ауданы мен қаласында 10 түнгі рейд өткізіліп, жастардың құқық бұзушылыққа жол бермеуіне бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 8 ауданның колледж студенттері арасында спартакиада ұйымдастырылып, футбол мен волейбол бойынша 1700-ге жуық студент қатысты. Финалдық кезеңде 300-ден астам жас өнер көрсетті.

Әділет Айтқазының айтуынша, жоба аясында әлеуметтік бейнероликтер түсіріліп, TikTok, Instagram және YouTube желілерінде жарияланды. «Paryz еріктілері» парақшасында жарияланған 40 бейнеролик 190 мың қаралым жинап, жалпы жанама қамтылуы 395 мың адамға жетті.

Бір сөзбен айтқанда, «SAQTAN» жобасы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, зиянды әдеттерден аулақ болуына және қоғамда жауапкершілікті арттыруға нақты үлес қосып отыр.

  • 19.11.2025
  • 12
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика