- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Тараз қаласында автомобильдік газ толтыратын компрессорлық станция ашылды
Тараз қаласында автомобильдік газ толтыратын компрессорлық станция іске қосылды. Салтанатты шараға шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, бұл нысанның қала экологиясы үшін маңызы зор екенін айрықша атап өтті.
Еліміздің көлік секторын экологиялық тұрғыдан жақсарту, газмоторлық инфрақұрылымды дамытуды көздейтін инвестициялық жобаны «QazMetanPro» ЖШС жүзеге асырды.
Бұл станция тәулігіне 500 көлікті газбен қамтамасыз ете алады. Оған жүк, жолаушы және транзиттік көліктер, соның ішінде Қытай, Ресей, Өзбекстан бағытындағы маршруттар да кіреді. Сондай-ақ станция 50 жаңа жұмыс орнын ашуға және табиғи газды мотор отыны ретінде кеңінен пайдалануға, транзиттік жолдағы қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Келер жылы осы жобаның жалғасы ретінде 50 газмоторлық қоғамдық көлік сатып алу және жаңа автобустар паркін салу жоспарлануда.
Айта кетейік, 2023-2024 жылдары Тараз қаласында жалпы құны 21,4 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 395 жаңа жұмыс орыны құрылды.
Биыл логистика саласында «Югай Юг Такси» электрлі таксиін іске қосу және электр станциясын орнату жобасы жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 29 млрд теңгеге тағы 9 жобаны іске асыру көзделуде.
- 19.11.2025
- 7


