- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы: ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша қортыныдылары
2025 жылдың 19 қарашасында «КОREМ» АҚ сауда алаңында «Солтүстік-Оңтүстік» өткізу мүмкіндігі ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:
- ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 6 379,5 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша– 4 689 МВт, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 690,5 МВт;
- ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын қосатын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 1 100 МВт.
Сауда жүйесінде электр қуаты бағасының негізсіз өсуін шектеу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тарифтерді бекіту туралы» «2025 жылғы 22 қазандағы № 401-н/қ бұйрығымен бекітілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) мөлшерінде шекті тариф қолданылды.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 22 энергия өндіруші ұйым қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 6 379,5 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4 689 МВт МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 690,5 МВт. Сауда жүйесінде 22 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 168,9 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 7 926 МВт құрады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің іске асырылмаған көлемі 1 312,5 МВт құрады.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.
- 19.11.2025
- 5


