- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары!
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2025 жылғы 5 желтоқсанда сағат 9.00-де Ақсу ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында (Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз.
Сондай-ақ сағат 10.00-де өңір басшысы М. Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Жансүгіров ауылы, Мұратбаев көшесі, 1) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша
жүргізіледі.
- 24.11.2025
- 7


