• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
2020 жылдың басынан Сарқан ауданында 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржыға ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды

Сарқан ауданы - Алматы облысының аграрлы аймағының бірі. Мұндағы халық негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Мемлекет қолдауының арқасында жыл сайын егіс алқаптарының көлемі ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникаларымен қамту деңгейі артып келеді. Бұл өңірдің дамуына, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етуде. Мәселен, өткен жылы Сарқан ауданында 1 млрд. 220 млн. теңгеге егіс жұмыстарына арналған заманға сай техникалар сатып алынған, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарқан аудандық әкімдігінің мәліметіне қарағанда техникалардың 37 данасы «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы, 5-еуі басқа лизингтік компаниялар арқылы алынса, қалғанын шаруашылықтар өз қаражаты есебінен сатып алған. Атап айтсақ, комбайн, трактор, тұқым сепкіш, шөп жинайтын, жүк тиейтін, жүгері оратын тіркемелер, тұқым тазалағыш, дәрілегіш техникалар аграрлық сала мамандарының игілігіне пайдаланылуда.

«2008 жылы шаруа қожалығын жалғыз трактормен және 7 жұмысшымен бастаған едім. Әрине бастапқы кезде өте қиын болғанын жасырмаймын. Жерді игеру, жырту, себу, өнімді жинау барысында техника тапшылығы қатты білінетін. Табанды еңбектің және мемлекеттен жасалатын жеңілдік пен қолдаулардың арқасында бүгінгі күні шаруашылықта 100-ден астам әр түрлі ауыл шаруашылық техникалары бар, 70-тен аса адам еңбек етеді. Маусымдық кезеңде жұмысшылардың саны бұдан да артады. Көбіне арпа, бидай, жүгері, соя бұршағы және қант қызылшасын себеміз. Мемлекет тарапынан қолдау болғандықтан аграрлық салада алға жылжып келеміз. Өткен жылдың өзінде әр мал басына және сатып алған техникамның жарты бағасына субсидия төленіп, қаражат жағынан көп жеңілдіктер берілді», - дейді «Хусайнов Х.Н» шаруа қожалығының басшысы Хасанәлі Хусайнов.

Тіпті биылғы жылдың басынан бері де Сарқан ауданы 209,2 млн.теңгеге 16 дана әр түрлі ауыл шарушылық техникаларын сатып алып үлгерген. Жалпы облыста 7 бағыт бойынша 51 сервистік дайындау орталығы құрылып, «Жетісу» ӘКК арқылы сатып алынған 1204 дана техника жеңілдетілген шарттармен қаржылық лизингіге берілді. Бұл ретте Алматы облысы - СДО-лар табысты жұмыс істеп жатқан өңірлердің бірі.   

Сарқан аймағында суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін ұзындығы 21,7 км болатын Тәуке каналының 10,5 км, Ащылы – Өзек каналының 10,87 км күрделі жөндеуден өтпек. Жөндеу жұмыстарына 888,7 млн.теңге қаражат қарастырылып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан конкурс жарияланылды.

Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Өмірсадықтың айтуынша, биылғы жылы егіс алқабының көлемі 97 641 га құрап отыр.

- Жыл сайын қант қызылшасы алқабының көлемі де артып келеді. Осы жылы аудан бойынша 3315 га қызылша себіледі деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні көктемгі дала жұмыстарына өңір шаруалары толық дайын. Ауыл шаруашылығы техникаларының 93% жұмыс бастауға сақадай сай. Дала жұмыстарын үздіксіз аяқтауға жеңілдетілген жағар-жанармайдың әр литрін 168 теңгеден алдық», - дейді Ж.Өмірсадық.

Жалпы Алматы облысына биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 2,0 мың гектарға ұлғайып, 970,5 мың гектарға жетті. Көктемгі егіс жұмыстары биыл 10 наурызда басталды. Қазірге дейін 3,7 мың га жер жыртылды, 0,6 мың га жерге дәнді дақылдар себілді. Сол сияқты осы жылы Жетісу өңіріндегі алқаптардың ылғал сақтау технологиясымен қамтылу деңгейін 150,6 мың гектарға жеткізу жоспарланған.

  • 18.03.2021
  • 312
Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика