- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Атырауда «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты симпозиум өтіп жатыр
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан құттықтау сөзді вице-министр Айбек Сыдықов оқыды. Министр өз сөзінде бүгін жиналған әрбір ғалым мен маманның тарихымызды терең ұғынуға, ұлттық мұраны сақтауға және оны келешек ұрпаққа жеткізуге маңызды үлес қосатынын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың ортағасырлық Сарайшық қалашығын сақтау, жаңғырту жөніндегі тапсырмалары ұлттық мәдениет пен тарихи мұраға деген жаңаша көзқарасты қалыптастырып, алдағы ізденістерге тың серпін беруде. Бүгінгі симпозиум аясында сіздердің ғылыми пікірлеріңіз, ортақ ұсыныстарыңыз Сарайшықтың болашақтағы зерттеу және сақтау стратегиясын жетілдіруге өз үлесін қосады деп сенемін», – делінген құттықтау хатта.
- 01.12.2025
- 8


