• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талдықорғанда балаларды өрттен құтқарған жас батырға Президенттің Алғыс хаты тапсырылды

Осыдан біршама уақыт бұрын өртеніп жатқан пәтерден екі бірдей баланы аман алып шыққан Арман Бақытбайұлына бүгін Мемлекет басшысының Алғыс хаты берілді. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ержүрек азаматты арнайы қабылдап, марапатын тапсырды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы А. Баталов көпшіліктің алдында Президенттің Алғыс хатын оқып берді. «Арман Бақытбайұлы! Сіз адам өміріне қатер төнгенде шұғыл шешім қабылдап, асқан батылдық көрсеткен ержүрек азамат ретінде танылдыңыз. Өрт құшағында қалған бүлдіршінді жанқиярлықпен құтқарып, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Замандастарыңызға үлгі боларлық ержүректігіңіз бен өжеттігіңіз үшін Сізге алғысымды білдіріп, болашақта өз ісінің білгір маманы, Отанымыздың нағыз патриоты болатыныңызға сенім білдіремін», - делінген мәтінде.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің 3 курсында оқитын Арманмен тілдесіп, отбасының жағдайын, оқуының жайын сұраған облыс әкімі:

- Сенің батыл әрекетің туралы естіп-білген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алғысын жолдап, ісіңді ерліктің жарқын үлгісі деп бағалады. Қазір өзің спорттық бағытта білім алып жүрсің, әрдайым рухың мықты болсын! Қандай көмек қажет болса, мен әрдайым қолдауға әзірмін. Оны бұған дейін де өзіңмен кездескенде айтқанмын. Осындай жастарды жан-жақты насихаттап, өзгелерге үлгі етіп көрсете білуіміз керек, - деді А. Баталов.

Өз кезегінде мұндай үлкен ілтипатқа қуанышын білдірген Арман Бақытбайұлы ешкімнің де батыр болып тумайтынын, оны өскен ортасы, көрген тәрбиесі бойына сіңіретінін атап өтті.

- Дегенмен өзімді ерлік жасадым деп есептемеймін. Менің орнымда болса, әр адам осылай жасар еді. Мұны қоғамның бір мүшесі ретінде өзге жандарға пайдамды тигізген азаматтық парызым деп білемін. Президенттен алғыс аламын деп күткен жоқпын. Мемлекет басшысына осындай құрмет көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін, - деді Арман Бақытбайұлы.

Еске салсақ, 2019 жылдың наурыз айында Талдықорған қаласының тұрғыны, студенті Арман Бақытбайұлы көшеден өтіп бара жатып көп пәтерлі үйдің екінші қабатынан көмекке шақырған дауысты естиді, терезеден түтін шығып жатқанын көреді. Арман газ құбырымен өрмелеп, есігі жабық пәтердің ішінен терезеден екі кішкентай қызды алып шыққан. Кішкентай балаларды ата-анасы сыртынан жауып, жұмысқа кеткен екен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, қажетті көмек көрсеткен. Бұдан соң облыс әкімі А.Баталов Арман Бақытбайұлын жеке қабылдап, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі  ақылы оқуын облыс әкімінің грантына ауыстырған болатын.

  • 19.03.2021
  • 245
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика