- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісудың Ақсу ауданында жыл соңында тұрғын үй кезегі 12 % қысқарады
Биыл Ақсу ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй салынып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 80 жеке үй сатып алынды. Нәтижесінде тұрғын үй кезегі 12%-ға қысқарады. Ауылдық жерлерде осал отбасыларды баспанамен қамту мақсатында Матай ауылында 112 үй салуға 15 гектар жер бөлініп, су және электр желілері жүргізілді.
24 мамырдан бастап тұрғын үй кезегіне қою және баспана беру қызметі «Отбасы банк» АҚ-ға берілгенін атап өткім келеді.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жан-жақты талқыланды. Былтыр көтерілген бірқатар мәселелер шешімін тапты. Мәселен, Жансүгіров ауылындағы ХҚКО-ға өтінішке сәйкес талапқа сай пандус орнатылды.
Тұрғындар жол, медицина нысандары, электр желілері және тұрғын үй бойынша мәселелер көтерді. Ақсу–Қарагөз бағытындағы жолдың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, жөндеу келесі жылға жоспарланған. Қарашіліктегі ескі медицина пунктіне қатысты жаңа ғимарат салу мәселесін қарастыру тапсырылды. «Отбасы банк» және «ТАТЭК» өкілдері алдағы жұмыстарды таныстырды.
Сондай-ақ жеке қабылдау өткізіліп, азаматтарға жер, денсаулық сақтау және субсидия мәселелері бойынша нақты түсіндірулер берілді, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.
- 08.12.2025
- 7


