- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын іске асыру аясында экоактивистермен, волонтерлермен және жастармен бірге ағаш отырғызу акциясына қатыстық.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын іске асыру аясында экоактивистермен, волонтерлермен және жастармен бірге ағаш отырғызу акциясына қатыстық. Бұл — өңірді көгалдандыру бағытындағы жүйелі жұмысымыздың бір бөлігі.
Биыл атқаратын істеріміз:
🌳 облыс бойынша 53 000-нан астам ағаш отырғызамыз;
🌿 оның ішінде 5 000-ы Қостанай қаласында;
🌸 1,2 миллион гүл отырғызылады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп;
🪨 алғаш рет көпжылдық өсімдіктермен рокарийлер жасақтаймыз — жалпы ауданы 6 500 шаршы метрді құрайды.
Ағаш отырғызу — бұл бір реттік шара емес, табиғатқа және қалалық кеңістікке деген қамқорлық мәдениетін қалыптастыру. Қуантатыны — экологиялық қозғалысқа жастар белсенді түрде қосылып жатыр. Жастардың экожобаларына қазірдің өзінде жоғары деңгейде қолдау көрсетілуде.
Көгалдандыру — бұл болашаққа салынған инвестиция.
- 09.12.2025
- 12


