• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Соңғы 5 жылда Алматы агломерциясы аймағында 215 млрд. теңгелік 53 инвестжоба іске асырылды

Алматы облысында Алматы агломерациясы аймағында орналасқан аудандарды дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Қазіргі кезде агломерация аймағында 1 млн. 250 мыңдай адам тұрады, бұл - облыс халқының  60%. 2016-2020 жылдары мұнда 5 мың жұмыс орнын құрған, құны 215 млрд. теңгелік 53 инвестициялық жоба іске асырылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні агломерация өңірі электр желісімен 100%, орталық ауыз су жүйесімен 97% қамтылған, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 93% жеткізілген.

Халық санының қарқынды өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік те артып келеді.

Облыста жыл сайын 50 мыңға жуық бала өмірге келеді, соның басым бөлігі агломерация аймағында дүние есігін ашады. Осыған орай үш ауысымды мектептер мәселесі де өзектілігін жойған жоқ.

Мәселен, соңғы 5 жылда агломерация аймағында 27 мың орынды 50 мектеп салынған, соның 46-сы үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында тұрғызылған, сол сияқты денсаулық сақтаудың 19 нысаны салынып, 32 мың орынды 420 балабақша ашылған.  

Экологияны жақсарту – тағы бір маңызды бағыттың бірі. Қазіргі кезде Қарасай ауданында халықтың 99%, Іле ауданында – 94,3%, Талғар ауданында 89% табиғи газға қосылған. Сондай-ақ көмір жағып отырған көп қабатты үйлерді газға қосу жұмыстары да жүргізілуде. Қазірдің өзінде Талғар және Қаскелең қалаларында 35 блокты-модулді қазандық орнатылды, 152 үй немесе 48948 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылды.

Жұмыспен қамту және барыс-келіс көші-қонын азайту да басты мәселелердің қатарында. Оны тиімді шешу мақсатында 2016-2020 жылдары мұнда 5 мың жұмыс орнын құрған, құны 215 млрд. теңгелік 53 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Сол қатарда трансұлттық компаниялардың қатысуымен «Маревен Фуд», «Wilo» және «Лукойл» компанияларының ірі зауыттары іске кірісті. Бұл жобалардың барлығы солтүстік-шығыс бағытта, сол сияқты Алматы қаласының контрмагнит және серіктес қаласы болып саналатын Қапшағайға қарай орналасқан.

Сол сияқты соя өңдейтін, қуаты 6 мың тонналық «Агритех» инновациялық жобасы іске қосылады. «Бауман» компаниясы ұсақ мал етін тереңнен өңдейтін «Жетісу Қой» зауытының құрылысын бастайды, оның қуаты жылына 30 мың тонна дайын өнім шығаруға жетеді. «Aitas.kz» АҚ-ның ірі құс фабрикасы мен «Шин-Лайн» компаниясының балмұздақ және азық-түлік өндіретін зауытын салу туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл жобаларды іске асыру арқылы 208 млрд.теңге инвестиция тартылып, 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

 

  • 19.03.2021
  • 326
Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика