- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық аумақтарды дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық аумақтарды дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
🔹Қарабалық ауданына қарасты Новотроицк ауылында 600 басқа арналған сүт-тауар фермасы іске қосылды. Кәсіпорын ауыл тұрғындарын жыл бойы тұрақты жұмыспен қамтып, жылына 5 мың тоннадан астам сүт өндіреді. Бұл – фермерлер үшін табыстың тұрақты көзі. 2028 жылға дейін облыста осындай 30 ферма салу жоспарланған.
🔹Жаңғыртылған фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысымен таныстым. Енді ауыл тұрғындары заманауи жағдайда сапалы медициналық көмек алып отыр. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын абаттандыру жұмыстарының жоспарымен таныстым.
🔹Өңдеуші саланы дамытуға да ерекше назар аударылуда: экспортқа бағытталған, толық циклмен жұмыс істейтін заманауи «Poultry Agro» кәсіпорнына инспекция жүргізілді. Бұл – халықаралық нарыққа бейімделген, жоғары қосылған құны бар бизнестің жарқын мысалы.
Ауылдың дамуы – тек мемлекеттің инвестициясы емес, әр азаматтың үлесі. Фермерлер мен кәсіпкерлерді ауыл өміріне белсенді араласуға шақырамын: бастамаларды қолдап, абаттандыруға көмектесіп, әлеуметтік жауапкершілік таныту маңызды.
Біздің ортақ мақсатымыз – қуатты, өз-өзін қамтамасыз ете алатын, заманауи ауыл қалыптастыру.
- 09.12.2025
- 4


