- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Амангелді ауданында Мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа туристік хаб аумағында ағаш отырғызу жұмыстары өтті.
Амангелді ауданында Мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа туристік хаб аумағында ағаш отырғызу жұмыстары өтті.
Аталған хаб меценат Сапар Искаковтың бастамасы мен тікелей қолдауының арқасында салынды. Бұл – туған жерге деген сүйіспеншіліктің нақты іске айналған ерекше үлгісі. Бүгінде бұл нысан ауданның көркі ғана емес, сонымен қатар туристерді тартатын орынға айналып отыр. Бұл жергілікті тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сапар Сәлімұлының өңірді дамыту мен әлеуметтік бастамаларды қолдау бағытындағы белсенді ұстанымы зор құрметке лайық.
Біз тазалықты сақтап, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз. «Таза Қазақстан» – бұл нақты әрекет, болашаққа деген қамқорлық және ортақ жауапкершілік.
- 09.12.2025
- 4


