- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға басымдық беріп отыр.
Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға басымдық беріп отыр.
Қостанай облысында бұл бағыттағы жұмыс барлық деңгейде жүргізілуде – инфрақұрылым салудан бастап халықты спортқа кеңінен тартуға дейін:
📍 Соңғы екі жылда 17 жаңа спорт нысаны салынды — оның ішінде 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 4 хоккей корты, 2 ангар типтес спорт залы және бір ат спорты аренасы бар.
📍 «Юбилейный» шағын ауданында қала тұрғындары үшін тегін секциялар жұмыс істейтін заманауи ФОК ашылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударылып отыр: арнайы тренажерлер орнатылып, жеке кешеннің құрылысы басталды.
📍 Облыста қалаларда, ауылдар мен кенттерде барлығы 53 воркаут және жаттығу алаңы орнатылды.
📍 Облыстың 793 спортшысы ұлттық құрама сапына енген. Тек 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының өзінде 10 спортшымыз өнер көрсетіп, оның жетеуі жүлде қорына үлес қосты.
📍 Футбол және хоккей академиялары ашылып, «Еңбек резервтері» спорт кешені қайта жаңғыртылуда, үстел теннисі орталығы мен күрес залының құрылысы жүргізілуде.
📌 Сонымен қатар, спорт нысандарының, секциялар мен басшылардың жұмыс тиімділігін бағалау үшін KPI жүйесін енгізу тапсырылды.
Мақсат — тек нысан салу емес, барлық жастағы азаматтарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
- 09.12.2025
- 9


