- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанай облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Қостанай облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Комитет төрағасы Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин, Экология вице-министрі Нұркен Шарбиев, Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, сондай-ақ ғылыми және табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Басты тақырып — орман қорын қорғау және қалпына келтіру жүйесін дамыту болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде орман қорын қалпына келтіру және өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде:
• Орман шаруашылығы қызметкерлерінің саны 1,5 есе артты
• Қаржыландыру көлемі 5 есеге жуық ұлғайды
• Автопарк жаңартылып, ондаған техника сатып алынды
• Төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл күшейтілді
Тәуекелдерді азайтып, алдын алу шараларын күшейту үшін заңнамаға нақты өзгерістер енгізу ұсынылды.
- 09.12.2025
- 4


