- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысы ауылдарды дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау жөнінде нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы ауылдарды дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау жөнінде нақты тапсырма берді.
Бүгінде ауыл тек аграрлық өндіріс орны ғана емес, адамдар жайлы өмір сүріп, балаларын тәрбиелеп, болашағына сеніммен қарай алатын мекенге айналуы тиіс. Осы бағыттағы жұмысты біз тұрғындармен, шаруалармен және кәсіпкерлермен бірлесе атқарып келеміз.
📍Әулиекөл ауданында бірқатар нысандардың жұмысымен таныстық:
🏗 Новонежин ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қазақша күрес және шахмат секілді спорт түрлері дамытылады. Кешен бір ауысымда 48 адамға арналған.
🌳 «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жастар» скверінің абаттандырылу барысын тексердік. Жергілікті тұрғындармен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, бизнестің әлеуметтік жобаларға қатысуын талқыладық.
🌲 Өзерное ауылында Семиозер орман шаруашылығы мекемесінің жұмысымен таныстық. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және орман алқаптарын қорғау мәселелері көтерілді.
👶 Аманқарағай ауылында 145 орындық жаңа «Айналайын» ясли-бақшасы ашылды. Қазақ және орыс тілінде топтар жұмыс істейді. Балалар үшін барлық жағдай жасалған, 41 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ауылдың қуатты болуы – елдің тұрақты дамуының негізі.
- 09.12.2025
- 28


