- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қытайдың ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі — East Hope Group корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсин мырзамен диалогымызды жалғастырамыз.
Қытайдың ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі — East Hope Group корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсин мырзамен диалогымызды жалғастырамыз.
📆 Бұдан небәрі екі күн бұрын ол Қазақстан Премьер-Министрімен кездесті, ал бүгін — Қостанай облысында. Құрылыс үшін ұсынылған аумақты өзі аралап көріп, әкімдікте келіссөздер жүргізді. Бұл — өңірге деген жоғары қызығушылық пен ниеттің айқын белгісі.
💬 Басты тақырып — «жасыл» алюминий өндіруге бағытталған ауқымды жоба. Ол кен байыту комбинатын салуды, глинозем өндірісін іске қосуды және толық циклды индустриялық паркті құруды қамтиды. Барлығы — экологиялық тазалық, инновациялар мен циркулярлы экономика қағидаттары негізінде жүзеге асады.
🗺 Инвесторларға 800 гектарлық алаң ұсынылды, ол су, газ және электр желілеріне, сондай-ақ теміржол мен автожолға тікелей қосылған. Арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
🤝 Жоба бойынша келіссөздерге бір жылдан астам уақыт жұмсалды. Бұл процеске Сыртқы істер министрлігі мен Индустрия және құрылыс министрлігі қолдау көрсетті. Бүгінде біз идеялардан нақты қадамдарға көшіп отырмыз.
🇰🇿 Қостанай облысында экологиялық металлургия өндірісін дамыту үшін барлық жағдай бар: табиғи ресурстар, логистика, инфрақұрылым және билік тарапынан қолдау.
🔋 Бұл жоба Қазақстанның солтүстік өнеркәсіптік аймағының дамуына зор серпін береді — жаңа технологиялар, жұмыс орындары, экспорттық әлеует және стратегиялық әріптестік.
- 09.12.2025
- 26


