- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Орталық – Батыс» жаңа автожолының құрылысы басталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Орталық – Батыс» жаңа автожолының құрылысы басталды.
Бүгін Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевпен бірге құрылыс жұмыстарына Арқалық пен Жангелдин ауданының Торғай ауылында бір мезетте ресми түрде старт бердік.
🚧 Бұл — бұрын-соңды болмаған мүлде жаңа жол. Ол Арқалықтан Астанаға және Торғай ауылынан Ырғызға дейін созылады.
Жолдың жалпы ұзындығы – 889 км. Ол еліміздің орталығы мен батысын жалғайды, сондай-ақ Астана мен Ырғыз арасындағы жолды 560 км-ге қысқартады.
🛣️ Маңызды жайттар:
✅ Барлық негізгі жолдар енді Арқалық арқылы өтетін болады
✅ Елдің солтүстігі, оңтүстігі, батысы мен орталығы арасындағы тікелей байланыс орнайды
✅ Сонымен қатар Арқалық арқылы өтетін Жезқазған – Петропавл трассасы да қайта жаңғыртылуда
📈 Жол салынған жерде даму, бизнес пен жаңа жұмыс орындары пайда болады.
Бұл – Қостанай облысының оңтүстік аудандары үшін алға жасалған үлкен қадам:
– жаңа экономикалық мүмкіндіктер
– сауда мен логистиканың артуы
– халықтың өмір сүру сапасының жақсаруы
- 09.12.2025
- 5


