- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Биыл жол саласының бюджеті 31%-ға артып, 106 млрд теңгені құрады.
Биыл жол саласының бюджеті 31%-ға артып, 106 млрд теңгені құрады.
⠀
🔧 Республикалық маңызы бар негізгі жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде және аяқталуға жақын:
▪️ Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы
▪️ Арқалық – Ұлытау облысының шекарасы
▪️ Ұзынкөл – Троебратное
▪️ Қарабалық – Ресей Федерациясының шекарасы
▪️ Октябрьское – Ақмола облысының шекарасы
▪️ Бестөбе – Ақтөбе облысының шекарасы
⠀
🚛 Рудный қаласында транзиттік жүктемені азайту мақсатында айналма жолдың құрылысы басталады.
Жол Белозерка және Балықты ауылдары арқылы өтеді, ұзындығы – 16,9 км.
Құрылысты 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
⠀
📍 Бүгін Қостанай – Рудный бағыты бойынша ұзындығы 31,5 км болатын жол жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықтық.
🔹 Көлік қозғалысының тәуліктік қарқыны – 13 мыңға дейін
🔹 Асфальт төселуі: оң жақ бетінде – 89%, сол жақ бетінде – 32%
🔹 153 дана көше жарығы тіректері орнатылды
🔹 Жөндеу жұмыстары қазан айында толық аяқталады
⠀
Қауіпсіз әрі сапалы жолдар – жайлы өмір мен өңірдің тұрақты дамуының кепілі!
- 09.12.2025
- 5


