- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысы атап көрсетеді: ШОБ үлесі неғұрлым жоғары болса, экономика соғұрлым мықты.
Мемлекет басшысы атап көрсетеді: ШОБ үлесі неғұрлым жоғары болса, экономика соғұрлым мықты. Біздің облыста бұл секторда 163 мың адам жұмыс істейді — бұл экономикалық белсенді халықтың 36%-ы.
✅ Соңғы екі жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер саны 7,8%-ға өсіп, 66 мыңға жетті.
✅ 2024 жылы өндірілген өнім көлемі 2,4 трлн ₸ құрады (+9%).
⚙️ Өңдеу өнеркәсібі, көлік және қайта өңдеу салаларында өсім байқалады. Сауда саласындағы жобалардың мемлекеттік қолдаудағы үлесі 44%-дан 11%-ға дейін төмендеді — бұл экономиканы әртараптандырудың нақты көрсеткіші.
🌱 Біз орта бизнесті қолдаймыз — ол жылдам бейімделіп, тұрақты жұмыс орындарын ашады.
🧠 Ерекше назар — зияткерлік қызметтерге, АӨК-дегі «ақылды» технологияларға, цифрлық және креативті бизнеске.
🚮 Қалдықтарды қайта өңдеу, логистика және отбасылық кәсіпкерлік те өзекті бағыттар қатарында.
🤝 Бастама көтерген әр азаматты қолдау — біздің ортақ міндетіміз. Идеядан бастап іске асырылғанша жан-жақты сүйемелдеу қажет.
- 09.12.2025
- 5


