- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыста құрылыс саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыс күшейтілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыста құрылыс саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыс күшейтілді.
🏗 Соңғы екі жылда құрылыс жұмыстарының көлемі 70%-ға артып, 187 млрд теңгеден 315 млрд теңгеге жетті. Республика бойынша Қостанай облысының үлесі 3,8%-дан 4,6%-ға дейін өсіп, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарын артта қалдырды.
📈 Екі жыл ішінде 1 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. 9 мыңнан астам отбасы баспана жағдайын жақсартты.
🏙 Қостанай агломерациясында «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарының құрылысы жалғасуда. Қазірдің өзінде 10 көпқабатты үй салынды, тағы 13-інің құрылысы жүріп жатыр. Барлығы 150-ден астам тұрғын үй салынады. Инфрақұрылым: мектептер, балабақшалар, дүкендер, саябақ, спорт кешені мен аурухананы қамтиды.
🏘 2024–2025 жылдары 8 ауданда 12 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл тәжірибе жүйелі форматқа айналды. Сонымен қатар, әлеуметтік тұрғын үй және жеңілдетілген ипотека бағдарламалары жүзеге асырылуда.
⚠️ Аула кеңістігін абаттандыру мен қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді. Балалар және спорт алаңдары сапалы материалдардан жасалып, берік орнатылуы тиіс. Бұл — басты талап!
🎯 Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 15 әлеуметтік нысан іске қосылады. Рудный және Құсмұрын кентінде 2 жайлы мектеп ашылады.
♻️ Құрылыс көлемі артқан сайын қалдықтар көлемі де өсуде. Рудный қаласында қуаттылығы жылына 70 мың тонна болатын қалдық өңдейтін шредер орнатылды. Ендігі мақсат — мұндай жобаларды өзге қалалар мен аудандарда дамыту.
📍 Біз жай ғана құрылыс жүргізіп жатқан жоқпыз. Біз әрбір тұрғын үшін қолайлы, қауіпсіз және қолжетімді орта қалыптастырып жатырмыз.
- 10.12.2025
- 6


