- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Бүгін ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан журналистерге, теле- және радио қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табыстадым.
Бүгін ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан журналистерге, теле- және радио қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табыстадым.
🏅 Марапатталғандар:
▪ Күлтай Абдрахманова — «Құрмет» ордені
▪ Мұрат Жүніс — «Ерен еңбегі үшін» медалі
▪ Валерия Сулейменова — «Ерен еңбегі үшін» медалі
▪ Александра Сергазинова — «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі
▪ Қыдырали Ахметбеков — «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі
▪ Жұмагүл Иргасимова — «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі
▪ Заңғар Саңай — «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі
📌 Барлығы — өз ісінің майталмандары, кәсіби біліктілігімен ерекшеленетін мамандар. Ақпарат саласы — бұл қоғам алдындағы күнделікті жауапкершілік, дәлдік пен принципшілдікті талап ететін күрделі жұмыс.
📰 Сонымен қатар, жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алған жерлесіміз, «Әулиекөл» аудандық газетінің бас редакторы Чингиз Сабировты ерекше атап өткім келеді. Бұл — оның ұзақ жылғы еңбегіне және өңірлік журналистикаға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.
Өз ісіне адалдық танытып, халық мүддесі үшін қызмет етіп жүрген барша ақпарат өкілдеріне алғысымды білдіремін. Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
- 10.12.2025
- 6


