- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Бүгін Қостанай қаласындағы екі маңызды әлеуметтік нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексердім.
Бүгін Қостанай қаласындағы екі маңызды әлеуметтік нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексердім.
📍 Береке шағын ауданында үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасуда. Мұнда балалар жаттығып, ірі жарыстар өтетін болады. Орталық 12 үстелге есептелген және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін толық қолжетімді болады. Нысан 2026 жылы пайдалануға беріледі.
📍 Одан кейін журналистермен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасымен мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығына айналып жатқан бұрынғы аймақтық резиденцияны араладық.
🔹 Жылына 900 бала оңалту қызметін ала алады.
🔹 Жабдықтау «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүргізілуде — 1 млрд теңгеден астам. Орталық заманауи, бірегей және жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл әртүрлі оңалту қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.
🔹 Орталықта бассейн, сенсорлық және шунгит бөлмелері, шығармашылық шеберханалар, спорт залдары, дәрігерлер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері қарастырылған.
🔹 Балалар ата-аналарымен бірге тұра алады. Барлық топтар үшін қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
🔹 Барлық қызмет түрлері тегін көрсетіледі.
📅 Орталық 2025 жылдың күзіне қарай ашылады.
Біз балалар спортта да, өмірде де жеңіске жетіп, дамуы мен сауығуы үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз.
- 10.12.2025
- 4


