• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздарына пәтер сертификатын табыстады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Токио (Жапония) қаласында 2025 жылғы 15-25 қараша аралығында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ел мерейін асқақтатқан өңір спортшыларымен кездесті.

Биылғы Сурдлимпиадада Қазақстан намысын 8 спорт түрі бойынша 78 спортшы қорғап, 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Жүлделер саны бойынша еліміз 81 мемлекеттің ішінде үздік ондықтан көрініп, 9-орынды иеленді.

Жамбыл облысынан 7 спорт түрінен 12 спортшы қатысып, барлығы 6 медальді (1 алтын, 3 күміс, 2 қола) еншіледі.

Жекелей және командалық жарыстарда әулиеаталық спортшылар ерекше көзге түсті. Еркін күрестен Ғабит Есжанов 57 кг салмақта күміс медаль жеңіп алса, 74 кг салмақта белдескен Ғасыр Тұрғынбай қола жүлдені қанжығасына байлады. 

Дзюдо спортынан да өңір спортшылары жоғары нәтижелер көрсетті. Анна Краморова жекелей сыннан қола медаль иеленсе, әйелдер арасындағы командалық есепте күміс жүлдегер атанды. Бұл құрамда өнер көрсеткен Фериде Кара Оглы да командалық сынның күміс медалін жеңіп алды. Ал ерлер арасындағы командалық жарыста Айдос Түгелбаев бастаған құрама қарсыластарынан оқ бойы озып, алтын медальға қол жеткізді.

Сонымен қатар жеңіл атлетикадан Яна Сибирякова, жүзуден Софья Закутняя, таеквондодан Олжас Рысжанов пен Мәди Сейсенбаев, дзюдодан Эвелина Егембердиева, грек-рим күресінен Абзал Досжанов, үстел теннисінен Күлжәмилә Әділова да тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Кездесу барысында аймақ басшысы жоғары нәтижелерге қол жеткізуде аянбай тер төккен спортшыларға алғысын айтып, олардың шыңдалуына еңбек сіңірген бапкерлерге ризашылығын білдірді.

– Спорттық бай дәстүрі орныққан, жеңісті жолдары жалғасқан Жамбыл жерінің спортшылары қашан да дүбірлі жарыстарда жоғары жетістіктерге жетіп, жанкүйерлерін қуантып отырады. Сіздердің аса зор жеңістеріңіз жас спортшыларға үлгі-өнеге болып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түсетіні анық. Қазақ спортының әлемдік додадағы мерейі арта берсін! Жамбыл спортының жеңісті күндері көп болсын! – деді Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде.

Салтанатты шарада XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлеріне Тараз қаласынан берілетін 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің сертификаты, барлық жарысқа қатысушылар мен олардың жаттықтырушыларына Түркия мемлекетінде өтетін сауықтыру оқу-жаттығу жиынына жолдама табысталды.

Еркін күрестен күміс жүлде иеленген Ғабит Есжанов пен дзюдодан жеке бапкер Хайрулла Лұқманов мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың алдағы жетістіктерге шабыт сыйлайтынын атап өтті.

Жылы шырайдағы кездесу естелік суретке түсумен қорытындыланды.

  • 10.12.2025
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика