- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
KIA ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫН
KIA ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫН
Бүгін кәсіпорынға арнайы келген KIA Corporation-ның барлық зауыттарына жауапты бірінші атқарушы вице-президент Джонг Джунчхоль өндірістің толық дайын екенін атап өтті.
🏗 Зауыт небәрі 1,5 жылда салынды. Бұл – облыстағы тікелей шетелдік инвестициямен жүзеге асқан ең ірі жоба.
📊 Инвестиция көлемі – 131,5 млрд ₸, оның ішінде 117 млрд ₸ – KIA компаниясының қаржысы.
🔧 Алғашқы кезеңде 1 500 жұмыс орны ашылады, Локализациялық орталықта – тағы 800.
🤖 67 өндірістік робот орнатылған. Линиялар Sorento мен Sportage-ке бейімделген. 2026 жылы Cerato үлгісі іске қосылады.
🎓 Мамандар Қостанай оқу орындарында және Кореядағы Dong-Eui университетімен бірлесіп даярлануда.
- 10.12.2025
- 5


