- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар инфрақұрылымдық нысан – «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 265-шақырымында, Подстепный ауылы тұсында салынған екі деңгейлі жол айрығы пайдалануға берілді.
Іске қосылған екі деңгейлі жол айрығы – жол қозғалысын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етуге арналған заманауи инженерлік шешім. Жаңа жол торабы көлік ағынын реттеп, қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл – облысымыздың еліміздің басқа өңірлерімен және Ресей Федерациясымен көлік байланысын жақсартып, экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге зор серпін беретін маңызды қадам.
Аталған жол торабы – «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясы шекарасы» бағыты бойынша жүргізіліп жатқан ірі қайта жаңғырту жұмыстарының маңызды бөлігі. Жобаның жалпы ұзындығы – 144 шақырым. Бүгінгі таңда 72 шақырым жол толық жөнделіп, көлік қозғалысы ашылды. Бұл жұмыстарды «ҚазАвтоЖол» АҚ жүзеге асырды.
Қалған 72 шақырымда қайта жаңғырту жұмыстары КПО b.v. компаниясының қолдауымен жүргізіліп жатыр.
- 12.12.2025
- 4


