- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО-да заманауи спорт кешені ашылды
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңа өмір ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жоба «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Жалпы аумағы 1,6 мың шаршы метрді құрайтын екі қабатты, 100 орындық спорт кешенінде волейбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі мен ұлттық күреске арналған алаңдар қарастырылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ауыл әлеуетін арттыру, өңірлерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуды басым бағыт ретінде атап өтеді. Бұл кешен – сол міндеттердің нақты нәтижесі. Соңғы үш жылда облыста 13 спорт нысаны пайдалануға берілсе, биыл 8 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауы жыл соңына дейін аяқталады.
- 12.12.2025
- 4


