- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жаңа мәдени - спорт кешені ашылды
Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында сәулеті мен салтанаты жарасқан, ауылдың әлеуметтік-мәдени әлеуетін арттыратын жаңа мәдени-спорт кешені ашылды.
Жаңа кешен 150 адамға арналған және ауылдың мәдени, спорттық өмірінің негізгі орталығына айналмақ. Ғимарат ішінде бес түрлі мақсаттағы бөлме қарастырылған: заманауи жабдықталған акт залы, кең әрі жарық спортзал; тұрғындарға тұрақты қызмет көрсететін кітапхана, би залы, түрлі үйірмелерге, шығармашылық және дамытушылық жұмыстарға арналған қосымша кабинеттер.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген кешен соңғы үлгідегі жиһаздармен, музыкалық және спорттық құрал-жабдықтармен толық жарақталған. Кешен жанында спорт алаңы мен демалыс аймақтары да қарастырылған.
Бұл нысан – мемлекет тарапынан ауылдық аймақтардың әлеуетін арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Жақсыбай ауылына тартылған осы жаңа игілік тұрғындардың мәдени дамуына, спортпен шұғылдануына және жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне кең мүмкіндік береді.
- 12.12.2025
- 4


