- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау сөзінде жастар саясаты саласында жыл санап жаңа буынды қолдауға бағытталған шаралар мен жобалар артып келе жатқанын атап өтті. Президент бастамасы арқылы жоғары білімнің қолжетімділігі артып, жас ғалымдарды қолдауға арналған грант бағдарламалары көбейді, еңбек нарығында жас мамандардың мүмкіндіктерін арттыратын жаңа жобалар іске қосылды. Креативті индустрия, цифрлық экономика, кәсіпкерлік саласында жастарға жол ашатын бастамалар да мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.
«Мемлекет басшысы әрдайым өз сөздерінде жастарға қолдау білдіріп, үлкен сенім артып келеді. Президенттің әр Жолдауы, қолға алған реформалары мен бастамалары – жастардың болашағы мен игілігі үшін жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің нақты көрінісі.
Бұл реформалардың өзегі – Әділдік, Заң мен тәртіп, ашықтық пен жауапкершілік секілді құндылықтарға негізделген. Әсіресе, «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамалары мен жаппай волонтерлік акцияларды жастардың зор жауапкершілікпен және үлкен ынтамен қолдап келе жатқаны қуантады. Бұл ауқымды бастамалардың барлығы – жаңа идеологияның маңызды бөлігі. Ал осы идеологияны жүзеге асыратын да, оны алға жетелейтін де – өздеріңіз», – деді министр.
- 15.12.2025
- 5


