• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер, генералдар мен адмиралдар! Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің атынан және жеке өз атымнан сіздерді еліміздің егемендігін, бірлігі мен болашағы үшін жауапкершілікті айқындайтын мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күн — тек маңызды тарихи дата ғана емес, сонымен қатар халқымыздың еркіндік пен дербестікке деген ғасырлар бойғы асыл арманының көрінісі. Тәуелсіздік қазақ халқы бастан өткерген ауыр сынақтар арқылы, ұлттық болмысын, мәдениетін және әділеттілікке деген ұмтылысын сақтай отырып, зор қажыр-қайраттың нәтижесінде қол жеткізілген қасиетті құндылық.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздік — бұл жай ғана саяси мәртебе емес, ол тұрақты қорғауды, нығайтуды және саналы жауапкершілікті талап ететін ең қастерлі құндылық». Бұл сөздер еліміздің тарихи таңдауы мен стратегиялық даму бағытының мәнін толық ашып көрсетеді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық қатынастардың беделді әрі жауапты қатысушысы ретінде қалыптасып, қауіпсіздік, экономика, гуманитарлық ынтымақтастық, білім мен ғылым салаларында өзара ықпалдастықты жүйелі түрде нығайтып келеді. Елде жүргізіліп жатқан реформалар ұзақ мерзімді дамуға бағдарланған, қуатты, орнықты және әділетті мемлекет құруға бағытталған.

Қазақстанның түрлі этностар мен мәдениеттердің ортақ үйіне айналып, қоғамдық келісімді, өзара құрмет пен жоғары азаматтық жауапкершілікті сақтап қалғанын біз заңды түрде мақтан тұтамыз.

Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қарулы Күштердің орны айрықша. Жаһандық және өңірлік қауіпсіздік архитектурасы өзгеріп отырған жағдайда еліміздің армиясы ұтқыр, кәсіби әрі заманауи технологиялармен жарақталған құрылымға жүйелі түрде трансформациялануда. Әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, басқару жүйесін дамытуға, жеке құрамды даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізуге және әскерді жарақтандыруға басымдық берілуде.

Халықтың бірлігі, Қарулы Күштер жеке құрамының кәсібилігі, әскери ант пен борышқа адалдық алдағы уақытта да Отанымыздың тәуелсіздігі мен тұрақтылығының берік негізі болатынына сенімдімін.

Осы мерекелі күні Қарулы Күштердің барлық жеке құрамына және барша отандастарымызға мықты денсаулық, амандық, ертеңгі күнге деген сенім және ашық аспан, бейбіт өмір тілеймін.

  • 16.12.2025
  • 9
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика