• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев

«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«KOREM» АҚ қайталама аукциондық сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарлайды

2025 жылға арналған маневрлік генерация режиміндегі жаңадан іске қосылатын генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кестесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен жоспар негізінде 2025 жылғы 15 желтоқсанда «KOREM» АҚ Оңтүстік аймақта (Шымкент қ.) орнатылған қуаты 500 МВт болатын парогаз қондырғысын салу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізді
(https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/897079?lang=ru).

Аукциондық сауда-саттық — бұл маневрлік генерация режиміндегі жаңадан іске қосылатын генерациялаушы қондырғылардың құрылыс жобаларын іріктеуге және электр қуатының дайындықты қолдау қызметіне жеке тарифтерді айқындауға бағытталған, электрондық сауда жүйесінде аукцион ұйымдастырушысы жүзеге асыратын процес.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген маневрлік генерация режиміндегі жаңадан іске қосылатын генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалады
(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022727).

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 1-тармағының 2-8) тармақшасына сәйкес «KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықтың ұйымдастырушысы болып табылады. 2022 жылдан бастап Қоғам алаңында 6 (алты) аукциондық сауда-саттық өткізіліп, олардың нәтижелері бойынша еліміздің 8 (сегіз) өңірінде жалпы қуаты 2,9 ГВт болатын маневрлік генерация жобаларын іске асыру үшін 9 (тоғыз) жеңімпаз айқындалды.

Алайда, 2025 жылғы 15 желтоқсанда өткізілген аукциондық сауда-саттық сауда сессиясына тіркелген және қатысуға жіберілген қатысушылар санының екіден аз болуына байланысты өткізілмеді деп танылды
https://www.korem.kz/rus/press-centr/novosti_kompanii/?cid=202&rid=14302.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 351 бұйрығымен бекітілген, маневрлік генерация режиміндегі жаңадан іске қосылатын генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізуге байланысты шешімдер қабылдау жөніндегі комиссияның шешімімен қайталама аукциондық сауда-саттық 2026 жылғы 19 қаңтарда сағат 10:00-де (Астана қаласының уақытымен) өткізіледі
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/937737?lang=ru.

Қосымша құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тарапынан 2025 жылғы 18 желтоқсан мен 2026 жылғы 6 қаңтар аралығында (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қағидалардың 54-тармағында және аукциондық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес құжаттарды дұрыс қалыптастыру және уақтылы ұсыну қажеттігі атап өтіледі
(https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/912690?lang=ru).

«KOREM» АҚ қажетті ресурстары мен тәжірибесі бар электр энергетикасы саласының барлық өкілдерін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады. Өз кезегінде, аукционға қатысушылар үшін электрондық сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша нұсқама жүргізіліп, барлық кезеңдерде консультациялық қолдау көрсетіледі.

  • 19.12.2025
  • 13
А.Н. Дәрібаев

«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы

А.Н. Дәрібаев
(Мұрағат)

«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика