- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда 39 аула абаттандырылып, 20 балалар алаңы орнатылды
Биыл Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру және абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Соңғы екі жылда ұзақ жылдан бері абаттандыру көрмеген «Ұлан», «Жұлдыз» және «Жетісу» шағын аудандарындағы 39 аула абаттандырылып, 20 көп қабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделді.
Сонымен қатар қала бойынша 39 көп қабатты үйдің шатыры ауыстырылып, жаңа 20 балалар алаңы орнатылды. Келесі жылы Жансүгіров көшесіндегі
30 үй жөндеуден өтеді, шатырлары, аулалары жаңартылады.
Оған қоса «Құлагер» шағын ауданында заманауи саябақ және «Бірлік» шағын ауданында сквер салынып, қаланың жасыл қорын ұлғайту мақсатында 12 мың көшет отырғызылды. Биыл қала аумағындағы ағаштарды суғару мақсатында 7,4 шақырым арық желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы «Жастар», «Ардагерлер» саябақтары және Қаратал өзенінің жағалауындағы ағаштар мен жасыл желектерді жазғы мезгілде суғару үшін автоматтандырылған суғару жүйесі орнатылатын болады.
Қалада көптен бері қоқысты қайта өңдеу мәселесі шешілмей келді. Енді жеке инвестор есебінен қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу және жағу кешенін салуды жоспарлап отырмыз. Зауыт Талдықорған қаласының және жақын маңдағы аудандар мен Текелі қаласының жылына 120 мың тоннаға дейінгі қалдықтарын қайта өңдеп, қосымша электр және жылу энергиясын өндіреді. Қазіргі уақытта 3,3 гектар жер учаскесі бөлініп, жеке инвестормен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба жоспар бойынша 2026-2027 жылдары жүзеге асырылады.
- 19.12.2025
- 7


