- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Батыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Корея стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Кореялық инвесторлармен кездесу өтті. Жиын барысында өңір аумағында тұрмыстық қалдықтарды жағу және сұрыптау зауыттарын салу мәселелері талқыланды.
Бұл басқосу Корея Республикасына барған қызметтік сапарымыз аясында орнатылған ынтымақтастықтың жалғасы екенін атап өткен жөн.
Жасалған іссапар барысында заманауи қалдықтарды өртеу және қайта өңдеу технологияларын қолдана отырып, қалдықтарды кәдеге жарату жобаларын бірлесіп іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Бұл кездесу ортақ мүдде мәселелерін жан-жақты қарауға және оларды әрі қарай жүзеге асыру жолдарын нақтылауға мүмкіндік берді.
- 22.12.2025
- 4


