• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен жылдың алдын ала қорытындылары туралы баяндама жасады.

Жиында «AMANAT» партиясының Жамбыл облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының орындалу барысы, сондай-ақ игерілмеген және заңсыз пайдалануға берілген жайылым жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, оларды қайта айналымға енгізу мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы 2025 жылдың 11 айында экономикалық өсім 9,4 пайызды құрағанын атап өтті. Атап айтқанда, өнеркәсіп көлемі 16 пайызға, ауыл шаруашылығы – 1,4 пайызға, құрылыс – 20,4 пайызға, тұрғын үй – 1,1 пайызға, сауда – 0,2 пайызға, көлік – 2,9 пайызға, байланыс – 9,5 пайызға, инвестиция – 33,1 пайызға артты.

Жыл басынан бері 1,2 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, салаға 203,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 1,5 есеге ұлғайып, облыс республика бойынша көш бастады.

599,2 млрд теңге инвестиция тартылып, өңір еліміз бойынша үздік үштіктен көрінді. Инвестициялық қоржында 2029 жылға дейін іске асырылатын жалпы құны 4,1 трлн теңгені құрайтын 62 жоба бар. Оның 12-сі шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады. Аталған жобалар аясында 8,3 мың жұмыс орны ашылады. 2025 жылы 161 млрд теңгеге 26 жоба іске асырылып, 1,1 мың адам жұмыспен қамтылады. Бүгінгі күнге дейін 27,5 млрд теңгенің 21 жобасы жүзеге асырылып, 550 жұмыс орны құрылды.

Өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 109,9 мыңға жетіп, бұл салада 165,4 мың адам еңбек етуде. Мемлекеттік қолдау аясында жалпы құны 52,1 млрд теңгені құрайтын 1 218 жобаға қолдау көрсетіліп, нәтижесінде ШОБ өндірген өнім көлемі 18,1 пайызға артты.

Ауыл шаруашылығы саласында 485,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Егістік алқабы 640 мың гектарға жетіп, 3,3 млн тонна өнім жиналды. Оның ішінде 221 мың тонна қант қызылшасы бар.

Сонымен қатар 858 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, жаңғырту деңгейі 6,3 пайызды құрады. Мал шаруашылығында ет өндірісі 2,2 пайызға, сүт көлемі 1,7 пайызға артты. Сондай-ақ 410 мың тонна пияз экспортталып, облыс республикада көш бастады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 3,2 млрд теңгеге 437 жоба қаржыландырылды.

Су үнемдеу технологиялары 66,5 мың гектар егіс алқабына енгізілді.

Тұрғын үй құрылысы бағытында 642,6 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 2 190 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 580 пәтерлі 11 әлеуметтік үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 9 үйдің құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін 710 пәтер сатып алу жоспарланған. «Әулиеата жастары» бағдарламасы арқылы 140 жас отбасы баспаналы болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 24 ауылдық елді мекен мен 9 тұрғын алқап ауызсумен қамтылады. Газдандыру бағытында 20,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылып, газбен қамту деңгейі 91,8 пайызға жетеді.

Жол инфрақұрылымын дамыту аясында 460,2 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Нәтижесінде жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99,5 пайызға, ал көше-жол желісі 89 пайызға жеткізіледі.

Жұмыспен қамту саласында Президенттің «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасы артығымен орындалып, 18,3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 63,4 мың жұмыс орны құрылып, оның 46,2 мыңы тұрақты болды.

Білім беру саласында 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 10 мектеп пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін тағы 3 нысан қолданысқа тапсырылады. Нәтижесінде үш ауысымды, орын тапшылығы мен тозығы жеткен мектептердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Сонымен қатар 16 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті.

Денсаулық сақтау саласында 5 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның үшеуі ел игілігіне берілді. 11 нысан күрделі жөндеуден өтіп, 32 бірлік медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Саладағы инфрақұрылымның тозу деңгейі 42 пайызға дейін төмендеді.

Спорт саласында 21 спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңы пайдалануға берілді. Мәдениет саласында 16 нысанның құрылысы қолға алынып, оның 10-ы ел игілігіне тапсырылды.

Жиын барысында депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берілді

  • 23.12.2025
  • 8
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика