- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО-да энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті
Батыс Қазақстан облысында энергетика саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті.
Салтанатты жиында энергетика саласының ел дамуы үшін стратегиялық рөл атқаратыны айтылды. Соңғы жылдары өңірімізде осы бағытта бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, соңғы үш жылда жалпы құны 13 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылып, 6 мың шақырымға жуық тозған электр желілері жаңартылды. Екі жаңа қосалқы станция мен өндірістік-жөндеу базалары салынды. Соның нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 82%-дан 75,4%-ға дейін төмендеді.
Өңірде энергия тиімділігін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі – соңғы он жыл бойы тоқтап тұрған Орал жылу-электр орталығының №1 турбоагрегатын жаңғырту болды. Соның арқасында станцияның қуаты 12,5 МВт-қа артып, жалпы қуаты 58 МВт-қа жетті. Сонымен қатар, қаланы электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында HITACHI турбинасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Шара барысында энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі, «Еңбек сіңірген энергетик» және «Құрметті энергетик» төсбелгілері, сондай-ақ ҚР Энергетика министрінің Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.
- 24.12.2025
- 5


