• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«ҚАУІПСІЗ ӨҢІР» ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БҚО полиция департаментінде «Қауіпсіз өңір – сенімді болашақ» тақырыбында гибридті форматта форум өтті. Облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы төрағалық еткен жиынға Парламент депутаттары Арман Өтеғұлов, Ләззат Рысбекова, Абзал Құспан, жергілікті мәслихат депутаттары, құқық қорғау, білім беру салалары және атқарушы құрылым өкілдері, жастар қатысты.

Жедел басқару орталығында «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында Орал қаласында орнатылған 300 заманауи камераның жұмысы таныстырылды. Аналитикалық мүмкіндіктері бар құрылғылар 225 нүктеде қойылған. Оларды орнату үшін жалпы ұзындығы 116 шақырым жер асты желі жүргізілді. Бұл болашақта да бейнебақылау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект функциясы бар камералар жол қозғалысы ережелерінің сақталуына, білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алуға, іздеуде жүрген күдіктілерді табуға, шартты түрде сотталғандарды бақылауға көмектесіп, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қырағы қадағалайды.

Былтыр бастау алған жобаның алғашқы нәтижелерімен бөлісіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету ісінде ауыл тұрғындарының игі бастамалары да оң әсер еткені туралы айтылды. Мәселен, өңірдегі 23 елді мекен алкоголь өнімдерінен бас тартты. Нәтижесінде былтыр 9 ауылдық округте бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Үлгілі үрдісті жалғастыру жөнінде ортақ ой-пікірлер айтылды.

ҚР Парламентінің депутаттары «Заң мен тәртіп» қағидатын заңнамалық тұрғыда нығайтуға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

Жиын соңында тараптар биылғы іс-шараларды бірлесе атқару бойынша ортақ келісімге қол қойылды. Аталмыш жобаның жүзеге асуына атсалысқан ауыл әкімдері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы құрылым өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.

  • 09.01.2026
  • 8
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика