- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жыл қорытындысы: Жетісу облысы инвестиция тарту жоспарын орындауда республикада 4-ші орында
Өткен жылы Жетісу облысының экономикасына 610,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, жоспар 106,5% орындалды. Бұл – республикада жоспардың орындалуы бойынша 4-ші көрсеткіш. Аталған соманың 434,8 млрд. теңгесі бюджеттен тыс инвестициялар.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 1 мыңға жуық жұмыс орнын құрған 25 жоба іске асырылды. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және логистика, «жасыл» энергетика, туризм және басқа да салаларда қолға алынған.
Былтыр өңірде шағын және орта бизнесті қолдауға 5,9 млрд теңге бағытталды. Іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста 63 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4%-ға артық. Осы орайда шағын және орта бизнес өңірдегі халықты жұмыспен қамтудың негізгі көздерінің бірі болып қала бермек.
Мәселен, өткен жылдың соңында Талдықорғанда іске қосылған жаңа нысандардың бірі электр жабдықтарына арналған бөлшектер шығаратын кәсіпорынды атап өтуге болады. Бұл жобада 40-қа жуық жұмыс орны құрылған, 1 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған.
- 14.01.2026
- 9


