- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырдым
Бүгін Кербұлақ ауданының активімен кездесіп, жуырда сайланған ауданның жаңа әкімі — Жанат Төлегенұлы Жүнісбековті таныстырдым.
Кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Күләйза Шақарова сайлау қорытындыларын жариялап, Жанат Төлегенұлына Кербұлақ ауданы әкімінің куәлігін табыстады.
Жанат Төлегенұлы — осы ауданның тумасы. Ол әр жылдары Жетісу және Алматы облыстарында түрлі жауапты қызметтер атқарып, соңғы жылдары Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Ауданның жағдайын, өзекті мәселелерін жақсы біледі.
Үш жыл бұрын Кербұлақ ауданында ондаған жылдар бойы жүйелі түрде шешімін таппаған мәселелер аз болған жоқ. Бүгінде солардың ең маңыздысы шешілді. Алдағы уақытта да ауданның дамуына қажетті қолдауды көрсете береміз.
Ең басты міндет — ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, заң мен тәртіпті қатаң сақтау. Бұл бағытта аудан басшылығы тұрғындармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп, азаматтардың көрсеткен сенімін ақтауы тиіс.
Өз кезегінде Жанат Төлегенұлы алға қойылған міндеттерді орындау үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайтынын жеткізді.
Еске сала кетейін, 18 қаңтар күні өткен сайлау қорытындысы бойынша 80,9% дауыспен Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков Кербұлақ ауданының әкімі болып сайланды. Жаңа қызметіне табыс тілеймін.
- 21.01.2026
- 6


