- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Өңірдегі көлік-логистикалық инфрақұрылым
Өңірде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты жүк тасымалы, соның ішінде контейнерлік тасымалдар көлемі жыл сайын артып келеді. Облыста контейнер тапшылығы байқалып, Қостанай қаласындағы жүк станциясының өткізу қабілеті жеткіліксіз болып отыр.
Әсіресе, астық пен ұн тасымалы өзекті мәселе болып қала береді. 2025 жылдың қыркүйек-қараша айларында 1,1 млн. тонна астық экспортталып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 306 мың тоннаға артты. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстанға бағытталған.
Қостанайда «Тобыл» халықаралық көлік-логистикалық кешені салынуда. Жылына 400 мың контейнерге дейін өңдеуге қабілетті «құрғақ порт» 63,8 млрд. теңге инвестиция тартып, 500 жаңа жұмыс орнын ашады. Жоба іске қосылғаннан кейін өңірдегі жүк тасымалы 20 пайызға артып, экспортқа тың серпін береді.
- 26.01.2026
- 7


